Құтқарушылар тұрғындарды түтін аймағынан эвакуациялады

Құтқарушылар тұрғындарды түтін аймағынан эвакуациялады

2021 жылғы 12 тамызда Н. Назарбаев даңғылында пәтерде түтіндеу орын алды. Құтқарушылар келгеннен кейін барлау жүргізу кезінде 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында желдеткіш шахтасында қоқыс жанғаны анықталды. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 4 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілер 0,1 ш. м. алаңда өртті жедел жойды. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Отпен абай болыңыз. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі