
ШҚО ақпараттық орталығында бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен брифингте ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова ШҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында 22 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарғанын айтты. Алайда, өңірдің су айдындарында қаза тапқандар санының өсуі құтқарушыларды алаңдатады. Шомылу маусымы басталғаннан бері өңірде 34 шығыс қазақстандық суға батып кетті, олардың 9 –ы балалар болды, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 33 демалушы, оның ішінде 9-ы балалар қаза болған.
Құтқарушылар қайғылы оқиғалардың негізгі себептерін қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу деп атады. Осылайша, балалар қараусыз қалған 13 жазатайым оқиға орын алды. Мас күйінде суға түсіп, 5 адам қаза тапты. Жабдықталмаған жағажайларда 33, демалыс базасының жанында балық аулау кезінде 1 адам опат болды.
ШҚО ТЖД құтқарушылары жаздың алғашқы күндерінен бастап белсенді профилактикалық жұмыс, креативті акциялар өткізеді, өскелең ұрпақ онлайн сабақтар құралдары бойынша және балаларға арналған демалыс лагерлеріне бару арқылы оқытылады. Көмекке полицейлер, еріктілер жұмылдырылып, құтқарушылар демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіреді. 5280 профилактикалық рейд ұйымдастырылды, онда демалушыларға 86055 жадынама таратылды. Базалардың иелерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында 33 меморандум жасалды.
Туризм басқармасының мәліметінше, облыс аумағында 562 демалыс базасы бар, оның 76-сы су нысандарында.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 16 орын белгіленді. ШҚО мәслихаты сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 64 учаске мен орын анықталды. Әкімдіктермен бірлесіп, ықтимал қауіпті учаскелерде және шомылуға тыйым салынған орындарда 384 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылдды. Бұл халықтың су қоймасында болу қаупі туралы ақпаратқа жауап беруі үшін жасалады. Әдетте, бұл учаскелерде су қоймасының түбі тексерілмеген, қауіпті ағын байқалады, су иірімдері бар және жақын жерде құтқарушылар мен дәрігерлер бекеттері жоқ.
ШҚО ТЖД мамандары қоғамдық құтқарушыларды оқыту мәселесі бойынша жұмыс жүргізуде. 112 азамат оқытылды. Шомылу маусымы кезеңінде Алакөл көлінде және Көкпекті ауданының (Самар жағалауы) ауданында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру-құтқару бекетінің жұмысы ұйымдастырылды.
Брифингке қатысқан Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілі қауіпсіздік шараларын бұзушыларға қатысты шаралар туралы айтып берді.
"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы " Кодексінің 364 - бабы -" ортақ су пайдалану ережелерін бұзу "бойынша 155 бұзушы және 440-бабы" алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу "бойынша 476 бұзушы анықталды", - деп атап өтті ШҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Андрей Ларионов.
Брифинг соңында ШҚО ТЖД мамандары негізгі ережелерді еске салды, оларды мүлтіксіз сақтау қажет, атап айтқанда қатаң тыйым салынады:
- суға мас күйінде шомылуға;
- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;
- жүзудің шекарасын белгілейтін белгілерден тыс жүзуге, сондай-ақ техникалық және ескерту белгілеріне көтерілуге
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- су айдындарын ластауға және қоқыстауға, жағалауда және киім ауыстыратын бөлмелерде демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
- жалған көмек сұрап байбалам салуға;
- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге және балаларды жағалауда қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі