Құтқарушылар 7000 Га алаңда қамыстың ірі жануын жойды

Құтқарушылар 7000 Га алаңда қамыстың ірі жануын жойды

Қамыстың жануы ашық аумақта 2021 жылдың 06 тамызында сағат 17 шамасында Үржар ауданының Сағат ауылынаң 18 шақырым жерде басталды. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, барлау жүргізіп және жағдайды бағалап, Сасықкөл көлінің жағасында қол жетпейтін батпақты жерде қамыс ашық отпен жалындап жанып жатқаның анықтады. Өрт ошағына жету өте қиын болды. Өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері, "Алакөл мемлекеттік табиғи қоры" РММ қызметкерлері отпен күресуге кірісті. Сонымен қатар, жану ауқымын анықтау және сөндірудің дұрыс бағытын таңдау үшін "Қазавиаорманқорғау" "АН-2" ұшағында ШҚО ТЖД мамандары мен орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы мониторинг жүргізді. Өртті сөндіру сортаңды, батпақты жерлермен және қатты желдің екпінімен қиындады. Қамыс тікелей суда жанды. Өрт сөндірушілерге қайықпен қопасының арасынан өтуге және мотопомпаларды орнатып жалынды басуға тура келді. Алты күн бойы құтқарушылар, қорық және әкімдік қызметкерлері тәулік бойы және тынбай өрт апатына тойтарыс берді.

12 тамызда сағат 10.00-де 7000 Га алаңда өрт толығымен жойылды.

Өртті сөндіруге "Алакөл мемлекеттік табиғи қоры" РММ-нің 8 қызметкері мен 2 техникасы, ШҚО ТЖД-нің 37 өрт сөндірушісі және 4 техникасы, "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 4 қызметкері мен 1 автоцистернасы, жергілікті атқарушы органның 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.

Бірлескен күш-жігердің арқасында үлкен жануды жеңіп және өрттің одан әрі таралуына жол бермеу іске асты. Бұл өрт сөндіру тактикасының күрделілігі, арнайы техниканың қол жетпейтіндігі мен маневр жасауы бойынша сирек кездесетіндерге жатады.

Өрттің себебі бойынша отты абайсыз қолдану нұсқасы пысықталуда.

ШҚО ТЖД «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша Үржар ауданыңда қазіргі уақытта өрт қауіптілігінің өте жоғары деңгейі байқалатынын хабарлайды. Өрт қауіпті кезеңде, табиғатта болған кезде ашық отты қолдануға жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

 

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі