Көмекке келді

Көмекке келді

Бүгін таңертең ерте Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан Аюда демалыс базасында 3 демалушы және 1 бала ескекті қайықпен балық аулауға шығып, кенеттен ауа райы күрт бұзылып дауыл басталып суда толқын болып қайтадан жағаға өздігінен шыға алмай қалғандығынан «112» құтқару қызметіне хабарласып көмек сұраған.
Ұлан ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Ержан Жанұзаков жедел түрде «Аюда» демалыс базасының әкімшілігіне хабарласып демалыс базасының әкімшілігі 2 құтқарушы Алексей Аммас және Александр Аммас моторлы қайықпен оқиға орнына жіберіліп көмек сұрағандарды аман есен жағалауға шығарды. Уақытында көрсетілген көмек арқасында зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, ШҚО ТЖД алдағы дауылды ескерту туралы алдын ала хабарлаған болатын.
ШҚО ТЖД су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Егер сіз қайықта болсаңыз, құтқару кеудешесін міндетті түрде кию керек, жүзу құралын артық жүктемеу және ауа-райында және қатты жел кезінде су қоймаларына шықпау керек.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі