Мал азығын сақтайық.

Мал азығын сақтайық.

Биылғы мал азығын дайындау науқаны басталғаннан бері аудан аумағында тұрғын үйлердің маңындағы шөп сақтау орындарында 6 өрт оқиғасы орын алып, 70 тоннаға жуық мал ажығы жойылған. Сонымен қатар 1 өрт оқиғасы мал азығын тасымалдау кезінде орын алған.Биылғы жылы мал азығының аз болуына байланысты оның бағасы өте жоғары болып тұр.Сондықтан мал азығын өрттен сақтауға аса үлкен көңіл бөлген жөн.
           Тұрғын үйлердiң қожалық учаскелерiнде ірі жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта ірі жемшөптердi жинау мүмкiн болмаған кезде, жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтық 5 метрге дейiн қысқартылады.
      Мыналарға:
      1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларына;
      2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына;
      3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын, өзге де жанғыш заттар мен материалдарды жинауға жол берілмейді.
      Көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, iрi жем-шөп маяларын орналастыруға жол берiлмейдi.
      Iрi жемшөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асырылады, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.
      Iрi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықталады.
      Iрi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады.
          Сонымен қатар үйдегі ұсақ балалармен сіріңкемен ашық оттың зияны туралы профилактикалық іс-шаралар жүргізіп отырған жөн өйткені шөп қоймасындағы өрттердің шығуына көбінесе солар отпен абайсыздығы болып жатады.
 
Көкпекті ауданының ТЖБ