
10 тамызда сағат 14 шамасында Өскемен қаласында Сәтпаев даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтердегі үй иелері пешке тамақ қалдырып кеткен. Келген өрт сөндірушілер түтінді сорып шығарды. Сол күні облыс орталығындағы Алтай көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұрғындар ара ұясына шағымданды.ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының құтқарушылар бөлімшесі келгеннен кейін жәндіктерді мұқият оқшауланды. 11 тамызда түнгі сағат 02 шамасында Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан пәтерге жарқанат ұшып кіріп кеткен екен. Тұрғындар бірден құтқарушыларды шақырды. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері жарғанатты ұстап алып, табиғи мекендеу ортасына шығарды. ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Төтенше жағдайлар кезінде дереу 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі