Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау ШҚО-да 800 тоннадан астам шөптің жойылуына себеп болды

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау ШҚО-да 800 тоннадан астам шөптің жойылуына себеп болды

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 840 тоннадан астам шөп өртенді. Өрт сөндірушілер апта сайын дерлік ірі жем сақталатын ашық аумақта да, пішен сарай аумағында да тұтануды жояды.

         Ірі жемшөптерді сақтау орындарындағы өрттер Үржар, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бесқарағай және Күршім аудандарында тіркелген.           Шабындықтарда өрттердің туындауының негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып табылады.       

        «Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен, саяжай алаптарының тұрғындарымен тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізіледі, үгіт материалдары таратылады», - деді ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.       

        ШҚО ТЖД ескертеді: - Кебендерді орналастыруға арналған алаңдарды периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жырту қажет.

 - Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.   

- Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал престелген шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс. - Жеке қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы қашықтық кемінде 20 метр болуы тиіс.

- Ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстар мен орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта, бөлінген белдеулер мен темір жолдардың күзет аймақтарынан, автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеулерінен және әуе электр беру желілерінің күзет аймақтарынан тыс жерлерде орналастырылады.

- Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.        

       Егістіктерде тыйым салынады: - тракторлардың, өздігінен жүретін шассилер мен автомобильдердің капотсыз немесе капоталары ашық жұмыс істеуі; - қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды жағу үшін дәнекерлеу шамдарын қолдану; - егістіктерде сабан, аң қалдықтарын жағу және от жағу;       

  - бензинмен, керосинмен немесе өзге де жанғыш заттармен майланған немесе сіңірілген материалдарды (қағаз, мата, мақта және т. б.) бұл үшін арнайы көзделмеген күйде қалдыруға          

        Өрт болған жағдайда 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке немесе 112 шұғыл қызметіне қоңырау шалыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі