Күршім ауданында жанып жатқан шөп толығымен сөндірілді

Күршім ауданында жанып жатқан шөп толығымен сөндірілді


2021 жылғы 10 тамыздағы 11 сағат 30 минутта Күршімдегі өрт 40 га аумақта толық сөндірілді. Өртттің себебі бойынша тұрғындардың отпен абайсыз болуы болжамы қарастырылуда. Өртпен ШҚО ТЖД, жергілікті органдар, ұйымдар мен ауданның әкімдігі 9 тамыздағы сағат 14.00-ден бастап күресті. Өртті сөндіру жер бедерінің күрделі болуы қиындатты, ол жерге техника жете алмады, оған қоса қатты соққан жел жағдайды ушықтыра түсті.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
- ашық аумақта кез келген жағдайда шөпті жағуға болмайды
- балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру
-жол жиегін бойлай автомобиль терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға жол бермеу
- өртті байқаған жағдайда бірден "101" және "112"телефондарына хабарлау қажет
Шаруа қожалықтарына, бірінші кезекте ені кемінде 4 м қорғау минералдандырылған жолақтарды орындау қажет;
- шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар ұйымдастырсын.
- егістікте жұмыс істейтін техниканы өртке қарсы құрал-саймандармен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет. Жинау агрегаттары-екі өрт сөндіргішпен, екі істік күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар - бір өрт сөндіргішпен, бір істік күрекпен. Ұшқын сөндіргіштерді орнатыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызмет