
2021 жылғы 10 тамызда Күршімдегі 40 га өрт тежелді. Өрт толығымен жойылғанша бұрын жұмылдырылған күштер мен құралдар жұмысты жалғастыратын болады.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
- ашық аумақта кез келген жағдайда шөпті жағуға болмайды
- балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру
-жол жиегін бойлай автомобиль терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға жол бермеу
- өртті байқаған жағдайда бірден "101" және "112"телефондарына хабарлау қажет Рұқсат етілмеген күйдіру, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, орылған шөпті жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назарларыңызды аударамыз. Шаруа қожалықтарына, бірінші кезекте ені кемінде 4 м қорғау минералдандырылған жолақтарды орындау қажет; - шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар ұйымдастырсын. - егістікте жұмыс істейтін техниканы өртке қарсы құрал-саймандармен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет. Жинау агрегаттары-екі өрт сөндіргішпен, екі істік күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар - бір өрт сөндіргішпен, бір істік күрекпен. Ұшқын сөндіргіштерді орнатыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі