Өскемен қаласында суға шомылу үшін жабдықталмаған су айдынын таңдап алған әйел суға батып кетті

Өскемен қаласында суға шомылу үшін жабдықталмаған су айдынын таңдап алған әйел суға батып кетті

Өскеменде 2021 жылғы 08 тамызда Абай даңғылы жағынан Үлбі өзенінде шамамен 21 сағатта 1973 жылы туған әйел суға батып кетті.
Белгілі болғандай, ол шомылуға арналған күшті тоғаны таңдап, өз күшін есептемеген. Бұл оқиға санаулы минуттарда болған, ол тіпті айқайлап та үлгермеген.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақыру орнына келген соң жағалауға тексеру жүргізілді, суға түсу кезінде қаза тапқан адамның денесі табылды.
         "Жазатайым оқиғалардың негізгі пайызы адамдардың абайсыздығына байланысты. Егер азаматтар құтқарушылардың ұсыныстарын сақтап, таратылатын жадынамаларда көрсететін және рейдтер өткізу кезінде айтатын барлық ережелерді егжей - тегжейлі зерделейтін болса, қайғылы оқиғалар айтарлықтай азаятын еді",-деп атап өтті Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко.
         ШҚО ТЖД азаматтардан шомылуға арналған су қоймасын таңдауға жауапсыз қарамауды сұрайды. Тек жабдықталған жағажайларға барыңыз, онда түбін сүңгуірлер тексереді, құтқарушылар мен құтқару құралдары бар. Ең жақсы демалыс-бұл қауіпсіз демалыс.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.

                                                                                          ШҚО ТЖД баспасөз қызметі