Ата - анасының қарауынсыз қалған жасөспірім суға батып кетті

Ата - анасының қарауынсыз қалған жасөспірім суға батып кетті

      2021 жылы 07 тамызда Шемонаиха ауданының Первомайка ауылында 2006 жылы туған бала Комсомол су қоймасында үш досымен бірге болған. Шомылу кезінде ол тереңге қарай жүзіп, күшін бағалай алмай бата бастады, достары қорыққандарынан ата-аналарына қарай жүгірді, олар өз кезенгінде полициядан көмек сұрады. Оқиға орнына учаскелік инспектор келген кезде тым еш еді, бала суға батып кетті.
ШҚО ТЖД азаматтардан суда демалған кезде мына тәртіп ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
- арнайы белгіленген орындарда ғана шомылыңыз
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Есіңізде болсын! Ата-аналар балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты!
- балалардың су жанында ересектердің қарауынсыз жүргенінен немқұрайлы қарамаңыз;
- балаларды тек жүзуге ғана емес, сонымен қатар қиын жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелеріне үйретіңіз, иірім, құрысулар, үлкен толқындар, күшті ағымдар және т. б. қауіптілігін түсіндіріңіз.
- суға батқандарды құтқару техникасының негіздерін үйретіңіз, егер сіз мұны өзіңіз жасай алмасаңыз, онда жүзуге үйрететін нұсқаушысына барыңыз.
Егер біреу батып кетсе не істеу керек:
* жаныңызда құтқарушылардан немесе басқа адамдар болса олардан көмек сұраңыз
· суға батып жатқан адамға құтқару шеңбері немесе ұзын арқан лақтырыңыз;
· егер сіз жақсы жүзіп, өз қабілеттеріңізге сенімді болсаңыз, адамға жетуге тырысыңыз
· ның арт жағынан ұстауға тырысыңыз; Онымен бірге жүзіңіз
* егер ес-түссіз батып бара жатқан адам болса, қолын иегінің астына алып, оның беті үнемі су бетінен жоғары болатындай етіп жағаға сүйреңіз. Мүмкіндігінше алғашқы көмек көрсетуді бастаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

                                                                                  ШҚО ТЖД баспасөз қызметі