Өскеменде құтқарушылар ер адамға көмекке келді

Өскеменде құтқарушылар ер адамға көмекке келді

05 тамыз күні сағат 19.04-те ШҚО ТЖД құтқарушыларына көмекке сұрап ер адам жүгінді. Белгілі болғандай, ол Ломоносов көшесі ауданындағы Ертіс өзенінің түбіндегі батпақтан шыға алмаған. Оқиға орнына келген кезде, 1952 жылы туған ер адамға ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының қызметкерлері шығуға көмектесті және оны қайықпен жағалауға жеткізді. ШҚО ТЖД ескертеді: су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Су қоймаларының түбі тексерілмеген және жақын жерде құтқарушылар жоқ демалыс үшін жабдықталмаған орындарды таңдамаңыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.