Өрттен гараж бен шауашылық құрылыстарын аман сақтап қалды

Өрттен гараж бен шауашылық құрылыстарын аман сақтап қалды

2021 жылғы 6 тамызда 01 сағат 38 минутта Шемонаиха қаласы Горький көшесіндегі жеке тұрғын үй ауласында өрт шықты. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 2 қожайынға тиесілі шаруашылық құрылыстары блогының ағаш құрылымдарының отқа оранғанын көрді. Отпен алысқан өрт сөндірушілер жалынның ары қарай таралуына жол бермеді, осылайша құрылыс пен гаражды аман сақтап қалды. От толық 120 ш.м. алаңда жойылды. Өрттің болжамды себебі -  электр жабдықтарын монтаждау мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау.

Осы себеппен облыста жыл басынан бері  тұрғын секторда 81 өрт болды.

ШҚО ТЖД еске салады: электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауға назар аударыңыздар. Әсіресе бұл тозығы жеткен электр жабдықтары бар ескі үйлерге қатысты. Егер бір немесе басқа электр құрылғысын қосқан кезде жарық қараңғылау жанса, бұл желінің шамадан тыс жүктелгенінің белгісі. Ал бұл – өрт хабаршысы. Өрт кезінде бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.