
Өткен демалыс күндері Адылхан Ауғалиұлы Таулы Үлбі су қоймасында болған, ол көмек туралы айқайды ести салысымен еш ойланбастан суға секіріп, батып бара жатқан қызды құтқарып қалды. Белгілі болғандай, бұл жерде терең және күшті иірімдер болған, қайғылы жағдай кез-келген уақытта болуы мүмкін. Алайда, батыл кейіпкердің арқасында қыздың өмірі енді қауіпті емес.
"Мен көмектес деген айқайларды естіген кезде, қыздың жақын жерде батып бара жатқанын түсіндім. Құтқарушыларды шақыруға уақыт болмады, бірнеше секунд қана уақыт бар еді. Суға батып бара жатқан қызға артқы жағынан барып, оны жағаға дейін алып шықтым", - деді Адылхан. ШҚО ТЖД құтқарушылары судың жанында демалысты таңдағанда тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларды таңдаған жөн екенін еске салады. Төтенше жағдай кезінде дереу 112 нөміріне хабарлаңыз.