Құтқарушылар ЖКО кезінде көмек көрсетті

Құтқарушылар ЖКО кезінде көмек көрсетті

Бүгін Семей қаласында Селевин-Титов тұйық көшесі мекенжайында жол-көлік оқиғасы орын алды. "ВАЗ 2109" және "Камаз" маркалы автокөліктерінің соқтығысуы кезінде "ВАЗ 2109" автокөлігінің жүргізушісі автокөліктің кабинасында қысылып қалған. Оқиға орнына 2-МӨСБ қызметкерлері жедел келді, олар гидравликалық құралдың көмегімен автомобиль панелін сығып, ер адамның аяғын босатты. Зардап шеккен адам дәрігерлерге одан әрі медициналық көмек көрсету үшін берілді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.