«Заря» жағажайында Семей қ. ТЖБ ұйымдастырылған костюмды акциясы өтті

«Заря» жағажайында  Семей қ. ТЖБ ұйымдастырылған костюмды акциясы өтті

02 тамызда «Заря» рұқсат етілмеген жағажай аумағында Семей қ.ТЖ Басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірлесіп судағы қауіпсіздік бойынша костюмдік акция өткізді.

Акция барысында волонтерлар балалардың назарын аудару үшін балалардың сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің костюмдеріне киіндірді. Өз кезегінде, Семей қ.ТЖБ қызметкерлері дауыс зорайтқыш байланыс арқылы демалушыларға судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Әрбір демалушыға нұсқаулық өткізілді, балаларға көрнекі жадынамалары бар сыйлықтар таратылды.

Мұндай іс - шараны өткізуге қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі-адамдардың қаза болуымен байланысты судағы бірқатар қайғылы жағдайлар себеп болды. Акция қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, суға шомылу маусымы кезеңінде су объектілерінде жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болу санын азайтуға бағытталған.

Акцияның негізгі мақсаты-судағы қауіпсіз жүріс-тұрысты насихаттау.

 Семей қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері осы акция арқылы азаматтарды судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды!