Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар 6 газ баллонын шығарды

Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар 6 газ баллонын шығарды

      Семей қаласында Гагарин көшесі бойындағы дүкенге жапсарлас салынған ас үй жайында ескі электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде төбенің, қабырғаның қаптамасына және ағаш терезе ойығына оттың таралуымен өрт болды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 15 ш.м. алаңда отты жедел сөндірді, өртті сөндіру кезінде құтқарушылар түтінделген үй-жайдан 6 газ баллонын шығарды. Өртті сөндіруге барлығы 13 құтқарушы мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт себебі бойынша электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.
ШҚО ТЖД нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және мемлекеттік өрт бақылау мамандарының ұсыныстарын орындау қажеттілігі туралы ескертеді. Объектілердің жұмыс персоналы қауіпсіздік шаралары және өрт кезіндегі тәртіп ережелері бойынша нұсқаулықтан өтеді. Автоматты өрт дабылын жарамды күйде ұстау, объектіде алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы, эвакуациялау жолдарын тиісті жағдайда ұстау.
      Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.