
Өртті сөндіруге қаланың 50-ден астам өрт сөндірушісі мен 14 техника жұмылдырылды.
Өрт 1987 жылы салынған, үш қабатты жоғары оқу орны ғимаратының бір бөлмесін, дәріс залын қамтыды.
Өрт сөндіру құралдарын үздіксіз беру қамтамасыз етілді. 8 сағат 30 минутта құтқарушылар 150 ш.м. алаңда отты толығымен жойды. Оқиғаның себебін ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының мамандары анықтайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт кезінде ғимаратта ешкім болған жоқ.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Кезінде өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды жою. Ғимараттарда жарамды автоматты өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі