Әскери қызметкерлер жасөспірімді құтқарғаны үшін марапатталды

Әскери қызметкерлер жасөспірімді құтқарғаны үшін марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен жасөспірімді Семей қаласындағы су айдынында құтқарғаны үшін №68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері марапатталды.

Семей қ. ТЖБ бастығының орынбасары Ернар Жәлелов Азамат Молдашев, Талғат Көкабаев, Мейір Қазбекұлы, Сағжан Мұхтаровқа Ертіс өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде жас жігітті құтқарғаны үшін алғыс хаттар табыстады. 16 жастағы жігітті қатты ағыс алып кеттіп жатты, әскери қызметшілердің бірі құтқару жилетін киіп, құтқару арқаның байлап, көмекке ұмтылды, ал оның әріптестері қайықта жүзіп үлгерді және батып бара жатқан адамды жедел түрде бірге алып шықты