Шақырылмаған қонақ

Шақырылмаған қонақ

ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының құтқарушылары облыс орталығындағы Михаэлис көшесіндегі тұрғын үйдің пәтеріне кіріп кеткен жарқанатты ұстады. Шақырылмаған қонақ 4 қабаттағы пәтерге кіпіп кеткен екен   Пәтер иелері мұндай жағдайға  қуанған жоқ.  Қорыққандықтан олар бірден құтқарушыларды көмекке шақырды. Мамандандырылған жасақ қызметкерлері  жануарды ұстап алып, табиғи ортаға жіберді. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.