Абайлаңыздар, терезелерді жуып, балаларыңызға қамқор болып, қараусыз қалдырмаңыздар!

Абайлаңыздар, терезелерді жуып, балаларыңызға қамқор болып, қараусыз қалдырмаңыздар!

Жыл сайын, жылы мезгіл басталысымен, кішкентай балалар тезереден құлауымен байланысты апаттар орын алады. 2021 жылы Семей қаласының ТЖБ-да баланың терезеден абайсыздан құлап кетуі 1 жағдай тіркелсе, 2020 жылы осындай 1 ұқсас жағдай орын алды.  Жарақаттану орталығы қызметкерлерінің айтуынша, балалардың терезеден құлап, кездейсоқ жарақат алуы да сирек емес. Көп жағдайда, балалар ауыр жарақат  алады, бұл бас сүйек-ми жарақаттарымен, орталық жүйке-жүйесінің, сүйектердің, ішкі ағзалардың зақымдануымен қатар жүреді және ұзақ уақыт емделуді, қалпына келуді қажет етеді. Кей жағдайларда баланың денсаулығын толық қалпына келтіре алмай, өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалады.

Осы атап өткен оқыс оқиғаларды болдырмау үшін АТА-АНАҒА мынандай шараларды қолдану қажет:

- Терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені сіз баланы бір секунд уақыт шамасына да көз алдынан жоғалтсаңыз, бұл сіздің балаңыз үшін соңғы сәт болоуы мүмкін.

- Терезе жеткілікті қорғаныссыз болса маса торларын қолданбаңыз. Бала алдынан белгілі бір кедергіні көргенде, оған міндетті түрде мінгіс және сүйенгісі  келіп тұрады, осының бірі маса торлары да болуы мүмкін, ал ол өз бетіне тіпті 1 жасар бала салмағына да арналмаған.

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе ыстық ауа-райында  бала ашық терезелер мен әйнек есіктердің жанында ойнап жүрсе.

- Жиһаздарды терезелердің қасынада қалдырмаңыз, өйткені балаңыз терезеге солар арқылы  шығуы мүмкін.  

-  Терезелерге арналған аксессуарларды мұқият таңдап алыңыз, мысалы,  терезе жабыны, жалюзи, оларда  салбырап  тұрған  шнурлар мен шынжырлар болмауы керек. Бала оларды терезеге көтерілу үшін немесе олардың арасында оралып қалуы мүмкін.

-  Сонымен, терезелерден құлап кетуіне байланысты оқыс жағдайларды болдырмайтын ең оңтайлы нәрсе – бұл терезе блокаторларын ОРНАТУ,   терезе блокаторлары терезенің өз бетімен ашылуына жол бермейді.

Терезелеріңізді қауіпсуз етіңіз!

Балаңызды оқыс жағдайдан сақтаңыз!

Балаларға арналған терезелерді  қорғаудың әртүрлі құралдары бар, олардың құны көбінесе бәріне қол жетімді.

Біздің бүлдіршіндеріміздің өміріне баға жетпес!