Семей қаласының құтқарушылары жергілікті полиция қызметкерлерін суға батқан кезде алғашқы көмек көрсетуді үйретті

Семей қаласының құтқарушылары жергілікті полиция қызметкерлерін суға батқан кезде алғашқы көмек көрсетуді үйретті

Семей қ. ТЖБ қызметкерлері мен Семей қ. жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне оқыту өткізді. Суға батушыны құтқару кезінде дұрыс іс-қимыл жасауға үйретті, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін пысықтады.

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалар көп жағдайда судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау немесе оларды білмеу нәтижесінде орын алады.

Семей қаласының ТЖБ қалалықтар мен қала қоңақтарына демалыс кезінде өздеріне және жақындарына аса назар аударып, судағы қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы ескертеді:

  • жалғыз суға түспеңіздер;
  • бейтаныс жерлерден суға түсуге және сүңгуден бас тартыңыздар (белгісіз терендік, тастар, тамырлар қауіп төңдіреді):
  • тыйым салынған белгілерден ары жүзбеңіздер;
  • кемелерге жақындамаңыздар;
  • үрленбелі матрастармен, автомобиль камераларымен жүзбеңіздер;
  • суда қауіпті ойындарды ойнауға жол бермеңіздер, әсіресе «ойнап батырып»;
  • мас күйде суға шомылмаңыздар;
  • суыққа және шаршағанға дейін жеткізбеңіздер;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

 

Құрметті азаматтар! Суда қарапайым қауіпсіздік қағидаларын, өзініздің және жақын адамдардың өмірін сақтаңыздар!

Егер сізге қауіп төніп, көмек қажет болса, «112» бірыңғай құтқару нөмірін теріңіз!