
Жылы күндердің келуімен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері күнделікті өрт қауіпсіздігін сақтау, ормандар мен дала алқаптарында өрттің алдын алу, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шараларды белсенді түрде өткізуде. Сонымен, өрттің қауіпті кезеңі басталғаннан бері азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдерімен және Жарма аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе 29 рейдтік жұмыс өткізді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылқ кодексінің 336-бабын «Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау» бойынша 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Дәл осындай рейдтік іс-шаралар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында жүргізілуде. Шомылу маусымы басталғаннан бері Жарма ауданының су айдындарында 90 рейдтік іс-шаралар өткізілді, бұл бағыттағы жұмыстар Жарма ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілерімен бірлесіп жүргізілуде. Жарма ауданында шомылуға тыйым салынған жерлерде 25 тыйым салу белгілері орнатылды. Жарма аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тыйым салынған жерлерде жүзген 3 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде қызметкерлер демалушыларға қауіпсіздік ережелері бойынша жадынамалар таратылуда. Рейдтік іс-шаралар өрт қауіпті кезеңі мен шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.
Біз осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, өз өмірімізді, материалдық құндылықтарымызды және табиғатты сақтай аламыз!