Автокөлік өртенген кездегі іс-қимыл

Автокөлік өртенген кездегі іс-қимыл

2021 жылдыың өткен мерзімінде Көкпекті ауданының жолдарында 4 автокөлік өрттері оқиғалары тіркелген.  Соңғы жағдай 30 сәуірде Казнаковка өткелінің маңында орын алған. Мұнда Уаз автокөлігінің қозғалтқышында жанармай түтігі жарылып, содан от автокөліктің толық жанып кетуіне әкеліп соқтырды.

Біздің автокөлігіміз тез тұтанғыш заттардың яғни бензин, май, резеңке, бояулар мен пластмассалардың, электржелілерінің  нағыз қоймасы болып табылады.

Өздеріңіз білетіндей 4-6 минут ішінде автокөлік толық жанып кетеді. Сондықтан егер өрт автокөліктің бензин багіне таяп қалса тез арада 10-15 метр қашықтыққа ұзап кету қажет,өйткені бензобак жарылу қаупі артады.

Автокөліктегі өрттердің пайда болуына себеп болатын жағдайлар, оларға;

Электр желілерінің ақаулығы,

Жанармай жүйелерінің үзіліп, жанармайдың ағуы;

Кейбір автомобиль бөлшектерінің жоғары температурасы;

  • автомобиль ішінде шылым шегу;
  • қауіпті жүктерді тасу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
  • автомобильдердің соқтығысуы;
  • қасақана өртеу.

Өрт шыққан кезде жүргізуші тез арада дұрыс іс-қимыл жасап, өрт ошағын оқшаулауы қажет. Автокөліктегі өте қажет 3 құрал бар, оларға медициналық қобдиша, синтетикалық емес көрпеше немесе киіз, және қол өрт сөндіргіші.

Автокөліктегі өрт шыққан кездегі іс-қимыл бойынша ұсыныстар :

  1. Автокөліктің жағдайына мұқият көңіл бөлу, өрттің алдында электр желілерінің немесе резеңкенің күйген иісі, түтіннің немесе бензин иісінің пайда болады.
  2. Үрейге салынбай, автокөлікті жолдан, басқа көліктер мен адамдардан, ғимараттардан алыс жерге сөндіріп, қол тежегішіне орнатып, адамдарды түсіріп, өзімен бірге құжаттарды алып шығу қажет.
  3. Автокөлік жүріп келе жатқанда өртенген жағдайда оның жылдамдығын көбейтуге болмайды,өйткені одан өрт қатты жануы мүмкін.
  4. Өрттің ошағы қай жерде екенін қараңыз, егер бензобак жанып жатса тез арада алыстаңыз.
  5. Егер жану капоттың астында орын алса, капотты ақырын монтировкамен немесе ағашпен ашып өрт сөндіргіштің көмегімен отты сөндіру қажет. Оттың қатты жанған жерін өрт сөндіргіштің, брезенттің немесе құм мен топырақтың көмегімен сөндіру керек.Отты сөндіре алмаған жағдайда қауіпсіз қашықтыққа алыстау қажет.
  6. Если в автомобиле находятся пассажиры, в этом случае важно, как можно быстрее помочь им выбраться и отвести на безопасное расстояние, при необходимости оказать им первую медпомощь и в последующем вызвать «скорую помощь».
  7. Егер жанған автокөліктің мағында басқа автокөліктер болса оларды сүйреп немесе оларға сумен құю қажет.
  8. Өрт туралы 101 номеріне өртке қарсы қызметіне немесе біріңғай құтқару қызметінің 112 номеріне хабарлау қажет.

Автокөлікке арнайы мамандандырылған дүкендерден ұнтақты өрт сөндіргіштерді сатып алып орнатыңыз, оның төлқұжатындағы жарамдылық мерзімін қарап отырыңыз.Өрт сөндіргішті салонға қойыңыз, багажникке салып қою ұсынылмайды, өйткені өрт кезінде оны уақытында ала-алмай қоюңыз мүмкін.

Көкпекті ауданының ТЖБ