
Бүгін Семей қаласындағы кәсіпорындардың бірінде өрт шықты Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті барлауға кірісті. Кабелді туннелдің трансформаторлық қосалқы станциясында электрокабель жанды. Кәсіпорындағы технологиялық процесс тоқтатылды. Қосалқы станцияда қатты түтіндеу орын алды, осыған байланысты түтін сорғыш орнатылды және желдету жүргізілді. Өрт 10 сағат 27 минутта сөндірілді. Жанған кабельдің ұзындығы-21 метр. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 28 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің себебін өрт сынақ зертханасының қызметкерлері белгілейді. Алдын ала қойылған себебі электр жабдықтарының апаттық режимі. ШҚО ТЖД нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді: - персоналмен қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар өткізу; - алғашқы жарамды өрт сөндіру құралдары және автоматты өрт дабылы болуы тиіс; - Эвакуациялау жолдарын тиісті жағдайда ұстау ; - өрт кезіндегі іс-әрекеттер жөніндегі нұсқаулық болуы тиіс. Өрт кезінде "101" және "112" телефондары бойынша хабарлау.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі