ШҚО ТЖД құтқарушылары мен Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері туристік лагерьде балаларға арналған қауіпсіздік күнін өткізді.
Демалушы балалар табиғатта аман қалу туралы естіп-білуінше білмейді: олар күн сайын жорықта болған кезде, осының бәрін өздерінің тәлімгерлерімен бірге үйреніп, зерделейді.
Осы жолы олар кезекті сапарларынан оралып жатқан кезде, құтқарушыларды қарсы алды– олар 2 күн бойы шатырларда тұрып, тамақты отта дайындап, туризмнің негізгі ережелерін үйренген.
Белсенді және жігерлі балалар ТЖ қызметкерлерін қызығушылықпен тыңдады, ал судағы және өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін өздері айтып берді, тіпті құтқару телефондарының нөмірлерін ұмытпай, осы туралы ең кішкентай балалар да біледі.
Құтқарушы болып жұмыс істеу қандай екендігін білу үшін балалармен эстафета өткізілді. Әрбір қатысушыға қолдау білдірдік, өйткені әр кезеңде өткелді, «батпақты» еңсеруде, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетуде және шартты жануды сөндіруде шеберлік, ептілік пен жылдамдықты қолдану қажет болды.
Іс-шараның соңында балалар жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебімен танысты. Қөңілді, әрі қуанышты балалар иттермен ойнап, тіпті төрт аяқты құтқарушыларға командалар берді.
Департамент қызметкерлері барлық қатысушыларға жадынамалар, пайдалы сыйлықтар, сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлады.