Ата-аналар бос болмаған кезде, балалар суға батып жатыр
Өңір құтқарушылары су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалған балалардың қаза болуына алаңдаушылық білдіріп отыр, бұл туралы статистика көрсеткіштері айтады: суға шомылу маусымы басталғаннан бері ШҚО су айдындарында 3 бала суға батып кетті, ағымдағы жылдың басынан бері 6 бала.
Неліктен ата-аналар соншалықты мұқият емес, олар қай сәтте «қатерлі» қателікті жібереді және қай сәтте қайғылы жағдай орын алады?
«Күн сайын біздің қызметкерлер облыстың барлық су айдындарын патрульдейді. Рейдтер полиция қызметкерлер мен еріктілермен өтеді. Бірақ балалар қайтыс болған жағдайлар әлі де орын алуда. Ересектердің толықтай бақылаусыздығынан балалар қаза болып жатыр. Балалар өз үйінің аумағында суы бар ыдыстарға немесе жақын жерде ағып жатқан суаратын арыққа батып кететін жағдайлар да болады», — дейді ШҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дмитрий Титов.
Құтқарушылардың мәліметі бойынша, облыста 6 бала осындай жағдайда қаза тапқан. Өткен шомылу маусымында суда 8 бала қайтыс болған.
Құтқарушылар мен полицейлер патрульдеу кезінде ата-аналары өздерінің балалары қайда жүргендерін білмейтін балаларды да анықтайды.
«Ата-аналар жасы үлкен балаларына кішкентайларды қарауды тапсырған кезде, балалармен жиі жазатайым оқиғаларорын алады. Кейде тіпті бес жасар балалар да «үлкен» болып саналып, оларға бір жасар балаларды бақылау міндеті жүктелген. Бұл дұрыс емес. Үйдің жасы үлкен баласы, ол да әлі бала, сондықтан олар ересектер сияқты жауапкершілікті мойындарына ала алмайды. Сондай — ақ, белсенді қызығушылық танытқан баланы егде жастағы адамға бақылау да қиын, сіз мұны есте сақтауыңыз керек», - деп қорытындылады Дмитрий Титов.
ТЖ қызметінің мамандары баланы қараусыз қалдырмай, балалармен болатын қайғылы оқиғалардың көпшілігін алдын алуға болатындығын атап өтті. Осыдан ең бірінші және ең маңызды ереже - балалар ересектердің бақылауымен қатаң түрде шомылуы керек.
Ата-аналар балаларды жүзуге үйретіп қана қоймай, балаға судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін айтып, сонымен қатар оған қиын жағдайдағы мінез-құлық дағдыларын үйрету керек. Қажет болған жағдайда бала демалып, содан кейін өз-өзіне келіп, әрі қарай жүзу үшін суда демалу техникасын игеру пайдалы болады.
Лагерьге немесе курортқа барар алдында, балаға судағы қауіпсіз мінез-құлық не екенін және ережелерді сақтамаудың қандай қаупі бар екенін нақты түсіндіру керек.
Жүзе білу – судағы қауіпсіз демалудың басты кепілдігі болып табылады, алайда тіпті жақсы жүзетін жүзуші де күтпеген жағдайға тап болуы мүмкін.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі