Алтай ауданында анасы мен қызы суға батып кетті

Алтай ауданында анасы мен қызы суға батып кетті

29 маусымда Алтай ауданында, Зубовск ауылының шетінде, Бұқтырма өзенінде ойын кезінде абайсызда суға құлап, 8 жасар қыз суға батып кетті. Куәгерлердің айтуынша, баланың анасы, 1994 жылы туған әйел қызын құтқаруға тырысып, суға өзі де  батып кеткен.

Суға батып кеткен қызды құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері іздеді. Құтқарушылар баланың суға құлаған жерінен 10,5 км төмен ағындыдан денені тапты.

Шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 8 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала.

ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

- белгіленген орындарда ғана шомылу және демалу,

- балаларды су жанында қараусыз қалдырмау,

- мас күйде шомылмаңыз,

- тексерілмеген жерлерге шомылмаңыз.

Басты қағида – кім де кім суға батқан адамды құтқарам десе, өзі суға батып кетпесін.

Суға бата бастаған адам тек жағдайдың құрбаны ғана емес, ол  қауіптіліктің көзі болып табылады.

Тез және батыл әрекет ету керек. Суға бата бастаған  және  бойын үрей  бойлаған адам судың бетінде бір минуттан артық бола алмайды.

Айналаңызға қараңыз. Мүмкін жақын жерде құтқару шеңбері немесе құтқару құралы ретінде қолдануға болатын нәрсе бар шығар —үрленетін төсеніштер, камералар, көкірекшелер, бөренелер. Егер адам жағалауға жақын жерде батып кетсе, осыларды оған қарай лақтырыңыз.

Суға батып бара жатқан адамға көмектесуге шешім қабылдағанда, өз мүмкіндіктеріңізді шынымен бағалаңыз. Сіз суда жақсы жүзе және сүңги ала білуіңіз керек.

Суда  батып бара жатқан адамды  бірнеше секундқа да көзден таса жібермеңіз. Өйткені суға батқан адам кез келген сәтте судың астына батып, жоғалып кетуі мүмкін, сол үшін сіз оны соңғы рет қай жерден көрдіңіз, сол жерді есте сақтау қажет. Сізге оның артынан сүңгу қажет болады.

Батып бара жатқан адамға тек артқы жағынан жүзіп бару керек. Суға батып бара жатқан адамның қолын тартпаңыз,  бұл өте қауіпті.

Егер суға батып бара жатқан адамның қапсыра  құшағынан босатыла алмасаңыз, жай ғана судың астына сүңгіңіз, судың астында тұрыңыз. Сіздегі тіректі жоғалтқан кезде,  суға бата бастаған адам рефлекторлы түрде Сізді өзі босатады.Осыдан кейін, артқы жағынан қысқа қашықтықта жүзіңіз. Және жағаға қарай тасымалдаңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл түрде құтқарушыларды «112» телефоны бойынша шақырыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі