Электр сымдары мен электр құралдарынан өртті қалай болдырмауға болады

Тұрғын үйлерде жанудың пайда болуы көбінесе электрмен байланысты: электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр желісінің ақаулығы немесе тозуы, электр сымдарының шамадан тыс жүктеме және қысқа тұйықталуы.
Жыл басынан бастап облыста электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасының бұзылуы себебінен 109 өрт болды. Тек соңғы үш күннің ішінде өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері осындай себептерге байланысты орын алған,тұрғын үйлердегі 3 өртті сөндірді.
Мәселен, 25 маусымда Шемонаиха қаласы, Станционная көшесінде өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жеке тұрғын үйдегі өртті жойды, 14 ш. м. алаңда ағаш жиһаз конструкциялары мен жеке заттар жанған.
27 маусымда Глубокое кентінде, Степная көшесінде өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдегі отпен күресті, жалпы ауданы 51 ш. м. шатырдың ағаш құрылымдары, төбе жабындары, қабырғалардың, еденнің, терезе және есік блоктарының сыртқы қаптамасы, жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттар мен веранда, сондай-ақ 5 м қоршаудың ағаш құрылымдары өртенген.
27 маусымда Черемшанка ауылындағы Лениногорская көшесінде үй мен шаруашылық құрылысы өртенді. Өртті байқаған қожайындар жанып жатқан үйді тастап кеткен, бірақ олар алдымен заттарды шығаруға тырысқан, бұл ретте 1951 жылы туған ер адам дене бетінің 10% термиялық күйі шалып, Риддер қаласының ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жатқызылды.
Келіп жеткен өрт сөндірушілер 100 ш.м. алаңдағы қабырғалардың жанып жатқан ағаш құрылымдарын, веранда жабындарын, шатырдың ағаш құрылымдарын, төбенің жабынын, терезе және есік блоктарын, жиһазды, үйдің жеке заттарын, сондай-ақ 44 ш. м. ауданығы шаруашылық блогының ағаш құрылымдарын сөндірді.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға электр жарығынан өрт шығу қаупін азайту үшін жүгінеді және мыналарға тыйым салынған:
- оқшаулаудың көрінетін бұзушылықтары бар электр сымдары мен кәбілдерін пайдалану;
- зақымдалған розеткаларды пайдалану;
- қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолдану;
- электр желісіне қосылған, оның ішінде күту режиміндегі электр аспаптарын қараусыз қалдыру;
- уақытша электр сымдарын, сондай-ақ электр құрылғыларын қуаттандыру үшін ұзартқыштарды пайдалану.
Есіңізде болсын! Қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға, сондай-ақ дүние-мүлкіңізді сақтауға көмектеседі!
Өртті байқаған жағдайда дереу «101» және «112» телефондарына хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі