Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізуді жалғастыруда

Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізуді жалғастыруда

Сел қаупі бар кезең басталғаннан бері барлығы 40 жерден барлау жүргізілді.​

Өңірде барлығы 23 сел қаупі бар ошақтар бар, олар 6 ауданда - Катонқарағай, Зайсан, Үржар, Тарбағатай және Алтай ауданы мен Риддер қаласында орналасқан.

Мониторинг нәтижелері бойынша сырғыма құламасы  құбылыстары  жоқ, су-эрозиялық процестер анықталған жоқ, суға батқан бөренелер мен кептелістер байқалмайды, топырақтар құрғақ. Шуга өту каналдары тазаланған. Мореналық көлдердің толуы және арнадан асуы байқалмайды. Сел тасқыны қаупі жоқ.

Облыста 9 көшкін қаупі бар учаскелер бар. Бұл негізінен автожолдарда, өзен бассейндерінде жағалық еңістері мен тауларының кесінділері: Риддер қаласында- Громотуха, Уба; Алтай ауданында - Бұқтырма, Хамир, Чернова; Катонқарағай ауданында - Бұқтырма; Зайсан ауданында - Кендірлік.

Сел қаупі бар учаскелерде 46 ескерту және тыйым салу қалқандары және сырғыма қаупі бар учаскелерде 18 қалқан орнатылды, сел және сырғыма қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына және объектілері мен құрылыстары ықтимал сел қаупі бар учаскелерде орналасқан кәсіпорындар басшыларына, жеке үй иелеріне 32 хабарлама-ұсынымдар берілді.

ШҚО ТЖД сел тасқыны кезінде қалай әрекет ету керектігін еске салады:

Жақындап келе жатқан сел тасқынының шуын естіген соң, бірден ойпат түбінен суағар бойымен жоғары, кем дегенде 50-100 м көтерілу керек. Бұл ретте өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастар алыс қашықтыққа ағып жатқан ағыннан лақтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Өз кезегінде ШҚО ТЖД құтқарушылары тауда уақыт өткізетін туристерге келесі ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді:

Көріну нашар кезде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында орын ауыстыруға болмайды. Жорыққа дейін маршрутқа барар алдында ауа райы болжамын анықтаңыз.

Қозғалысты бастамас бұрын, ауа-райы жағдайлары мен кедергілердің ықтималдығын ескере отырып, ықтимал қауіптерді мұқият бағалап алу керек. Егер ауа-райы нашарласа, жоғары емес, төмен түсіңіз.

Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына қарап жүріңіз, әсіресе жаңбырдан кейін.

Жарақаттануды болдырмау мақсатында тік беткейлерге көтерілмеңіз.

Дененің қызып кетуін, салқындауын болдырмаңыз. 

Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз және назарсыз қалдырмаңыз.

Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су алыңыз. Өзіңізбен бірге жергіліккі жерге бағдар алыңыз (компас).

Егер сіз бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда тәулік бойы жұмыс істейтін 112 нөмірі бойынша құтқарушылар бөлімшелерінде өз ұялы телефондарыңызды қалдырыңыз.