Ен алдымен балалардың қауіпсіздігі!

Ен алдымен балалардың қауіпсіздігі!

 

         Балалардың терезеден құлаудын алдын алу мақсатында, Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен «Ашық терезе-балаға қауіпті» жадынамаларды көп пәтерлі тұрғын үйлердің подъездеріне орналастыру жұмыстары, сонымен қатар үлкендер мен балалармен қоғамдық жерлерде түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.

         2021 жылдың 17 маусымында №1 және № 2 қалалық емханалардың балалар бөлімшесінде, ата-аналар мен балаларға жазғы маусымда (терезеден құлаудын алдын алу, судағы қауіпсіздік қағидаларды сақтау) қауіпсіздік шараларын сақтау туралы алдын алу жұмыстары жүргізіліп ақпарат жеткізілді, сонымен қатар жадынамалар таратылды.

         Алдын алу жұмыстары жүргізу барысында, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы үлкендер мен балаларға келесі қауіпсіздік қағидаларды сақтауды ескертті:

  • Егер бөлмеде бала болса терезені ашық қалдырмаңыз;
  • Бала терезені өз еркімен ашып алмас үшін тұтқасын жауып қойыңыз;
  • Терезе ашылмас үшін арнайы қорғау құралдарын орнатыңыз;
  • Бала терезенің алдына шықпас үшін барлық жиһазды терезеден алыстатыңыз;
  • Баланы терезенің алдына тұруды және ары жағында не болып жатқанын қаратуды үйретпеңіз, Сіз жоқ болған кезде ол қайталауы мүмкін;
  • Балаларды үлкендерсіз балконға шығармаңыздар;
  • Шіркей торы баланы құлаудан САҚТАМАЙДЫ. Ол қорғап та қалмайды және де балаларды оған сүйенуді үйретеді, себебі балаларға ол шыны сияқты сенімді болып көріңіді.

 

Ешқашан балаларды жалғыз қараусыз қалдырмаңыздар,

қауіпсіздік қағидаларды сақтауды үйретіңіздер!

ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖ басқармасы