
Үлкендердің, балалардың ашық терезеден құлауы жазатайым оқиғаларына аса назар аударатын маңызды проблема болып табылады. Балалардың терезеден құлауының негізгі себептері балаларды қараусыз қалдыру және терезеде қарапайым қауіпсіздік құралдарының жоқтығы болып табылады.
Ағымдағы жылда Семей қаласында балалардың терезеден құлап қалуы бойынша 1 оқиға тіркелді, ары қарай ауруханаға жатқызуымен.
Балалардың терезеден құлаудын алдын алу мақсатында, Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен «Ашық терезе-балаға қауіпті» жадынамаларды көп пәтерлі тұрғын үйлердің подъездеріне орналастыру жұмыстарын үнемі жүргізуде.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 15 маусымында Облыстық аурухананың балалар бөлімшесінде, ата-аналар мен балаларға жазғы маусымда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы алу жұмыстары жүргізіліп ақпарат жеткізілді.
Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді:
Ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе жалғыз өздерің!
ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖ басқармасы