Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері

Су айдындарында жабдықталмаған орындарда шомылу, жүзе алмау, шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, сондай-ақ балаларды су айдындарының жанында ересектердің қарауынсыз қалдыру адамдардың қаза болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

2020 жылғы шомылу маусымында Риддер қаласының су айдындарында жабдықталмаған жерде алкогольдік мас күйде суға шомылу кезінде 1 адам суға бату дерегі тіркелді. Сондай-ақ, 2021 жылдың басынан қала су айдындарында бірі баланы үлкендердің қарауынсыз қалдыру, екіншісі ағынды судан өту кезінде бату болып  2 адам суға кетті.

Жабдықталмаған жерлерде су басқан бөренелер, темір, шыны және басқа заттар болуы мүмкін. Тұрғындар қаладағы келесі қауіпті жерлерді білуі қажет: Тихая өзені (1 ауданның бөгетінен төмен көпір), Үлбі өзені (Үлбастройдағы көпір ауданы; Үлбастрой ауылы, теміржол көпірінің ауданы ), Быструха өзені (Алтай, Филлиповская көшелеріндегі аудан; айлақ ауданы, Лесопыльная көшесінің көпірі; Быструха, Журавлиха қосылуындағы аудан) Шаравка өзені (Гравиемойка ауданы). Бұл ретте, Риддер қаласында су айдындарының жанында демалу және шомылу үшін жабдықталған орындар жоқ екенін айтқымыз келеді. Бірнеше рет төтенше жағдайлар басқармасымен қалалық жағажайды ұйымдастыру және құтқару бекетін құру туралы мәселелері көтеріліп, алайда, бүгінгі таңда мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Риддер қ. ТЖБ рейдтік іс-шаралар қызметкерлерімен суда көпшілік демалатын орындарда бекітілген кестеге сәйкес шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрай отырып келесі іс-қимылдардың  тыйым салынатындағын жеткіземіз:

- суға алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға ;

- айлақтардан, көпірлерден, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге;

Риддер қаласы  ТЖБ су айдындарының жанында болған сәтте өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмемеулеріңізді сұрайды.

Риддер қ. ТЖБ