
Өскемендегі құтқарушыларға Тынышпаев көшесіндегі 1950 жылы салынған жатақхана ретінде пайдаланылған 2 қабатты ғимараттың төбелік жабынының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД құтқарушылары 2 тұрғынды эвакуациялады, 10 азамат қауіпті аймақтан өз бетінше шықты. Кинологиялық қызмет Алеси құтқару итінің көмегімен зардап шеккендердің бар-жоғын толық тексерді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құлау алаңы шамамен 8 шаршы метрді құрады. Алдын ала мәліметтер бойынша, үйде 50 тұрғын тұрады. Оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршап тастады, құтқарушылар оқиға аймағын арнайы таспамен белгіледі. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп жоқ. Сол жерде комиссия жұмыс істеуде.