
2021 жылғы шомылу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері судағы жүріп-тұру ережелерін түсіндіретін әлеуметтік ролик әзірледі.
Ағымдағы жылдың 9-маусымынан бастап ролик Семей қаласының 3 кинотеатрында проекциялық экрандар арқылы көрсетілді.
Бұл бағыттағы жұмыс су айдындарында қауіпсіз демалуды халыққа оқыту мақсатында жалғасын табуда.
Семей қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы еске салады:
- балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз!
- жалғыз суға түспеңіз!
-үрлемелі матрас, шеңбермен жағадан алыс малтымаңыз!
-таныс емес жерде сүңгімеңіз!
- су жағасында спирттік ішімдіктерді ішпеңіз!
Есіңізде болсын "Су - қателіктерді кешірмейді!».
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ