
08 маусым күні сағат 15: 39-да Ұлан ауданы Сағыр ауылының Абылайхан көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында моншаның ағаш шатыр құрылымдары, төбе жабыны, қабырғалар жанып кетті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 12 ш.м. алаңдағы өртті жедел сөндірді.
Осы күні 18 сағат 58 минутта Шемонаиха кенті Дружба көшесінде жеке тұрғын үйде ағаш шатыр құрылымдары өртенді. Өрт сөндірушілер 61 ш.м. алаңда отты, сондай-ақ 20 ш. м. алаңда шаруашылық құрылыстарының жанып жатқан конструкцияларын сөндірді.
Семей қаласында бір тәулік ішінде бірден 2 өрт орын алды, Засядко көшесі бойынша 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында 2001 жылы шыққан "Тойота Камри" маркалы автокөлік жанып кетті. Құтқарушылар 4 ш.м. алаңда салон бөлшектерінің, аспаптар панеліндегі өртті сөндірді. Кирпичный көшесінің бойында 100 шаршы метр тұрғын үйдің шатырының ағаш құрылымдары, сондай-ақ 2 текше метрде отын жанды. Отты абайсыз пайдалану – өрттің шығуына себеп болды.
ШҚО ТЖД өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Ашық отпен абайсыздыққа жол бермеу.
Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 телефоны бойынша дереу хабарлау қажет.
Тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен жауып, түтіндеген орындардан кетуге тырысыңыз. ШҚО-да жыл басынан бері 590-нан астам өрт болды. Негізгі себеп-отты абайсыз пайдалану.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі