Құтқарушылар мен кәсіпкерлер - ынтымақтастық үшін!

Құтқарушылар мен кәсіпкерлер - ынтымақтастық үшін!

2021 жылғы 08 маусымда Семей қаласының ТЖ Басқармасы және Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер Палатасының Семей қаласының филиалы Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Кәсіпкерлік Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңдарын басшылыққа ала отырып, өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде Меморандумға қол қойды.

Осы Меморандумның мақсаты Семей қаласында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.

Меморандум аясында кәсіпкерлік қызметінің мәселелерін талқылау үшін бірлескен кездесулер, кеңестер, "дөңгелек үстел" отырыстары өткізілетін болады.

Біздің бірлескен жұмысымыз құрылымдық және ашықтық қағидаттары негізінде бақылау-қадағалау функциялары жүйесін жетілдіруге ықпал етеді деген  үміттеміз.

 ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ