
Б. Гагарин көшесінде өрт шықты. Құтқарушылар келген кезде тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде 0,5 ш.м. алаңда төсек-орын жабдықтары жанып жатқаны анықталды, өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында 4 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау барысында түтінделген пәтерден 1972 жылы туған ер адам құтқарылды. АМО қызметкерлері оны 1 қалалық ауруханаға жеткізді. Медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін ауруханаға жатқызу қажеттігі болмады. Өрттің себебі пәтер иесі мас күйінде отты абайсыз қолдану болды. ШҚО ТЖЛ мынаны еске салады: өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеңіз, төсекте темекі шекпеңіз. Үйде немесе пәтерде өрт сөндіргіш ұстаңыз. Отты пайдалану кезінде немқұрайлылыққа жол бермеңіз. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.