
2021 жылғы 6 маусымда Риддер қаласында 82 жастағы ер адам шөп жинап жүріп, карьерге шығып кеткен. Ол өз бетінше шыға алмады. Жылдам ұлына қоңырау шалып оқиғаны айтты, ал ұлы өз кезегінде құтқарушыларға жүгінді. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, егде жастағы шөп жинаушыға қауіпсіз, тегіс жерге шығуға көмектесті. Жедел жәрдем дәрігерлері ер адамды тексерді, оған медициналық көмек қажет емес еді.
ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салады:
Орманға, серуендеуге, саңырауқұлақтарға барған кезде қырағылық танытыңыз. Қауіпті маршрутты таңдамаңыз, орналасқан жеріңіз және қайту уақыты туралы алдын ала хабарлаңыз, қуатталған телефонды, жергілікті жердің картасын, дәрі қорабын өзіңізбен бірге алыңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарлаңыз.
Осы күні Өскемен қаласындағы Қабанбай батыр көшесінен шақыру келіп түсті. Оқиға орнына дереу кеіп жеткен құтқарушылар 6 қабаттағы пәтерде мүгедек-әйел құлап қалып, өздігінен тұра алмай жатқаны белгілі болды. Құтқарушылар 8-қабаттың балконы арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты. 1955 жылғы үй иесін көтеріп, жедел жәрдем шақырды.
6 маусымда жануарға көмекке келді. Буров көшесіндегі үйдің бетон баспалдағының астына кіріп кеткен күшік шыға алмаған. Мамандандырылған жасақ құтқарушылары тұтқындағы жануарды алып шықты.
Космическая көшесінде кішкене бала пәтерге қамалыпқалған. Мамандандырылған жасақ құтқарушылары келіп, құралдардың көмегімен кіреберіс есікті ашып берді. Пәтерде 2 жасар бала болған.
ШҚО ТЖД ескертеді:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Есікке жеңіл ашылатын құлып орнатыңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі