Ер адам өртті уақытында байқап қалып, ал әріптесі қарт әйелді өрттен құтқарған

Ер адам өртті уақытында байқап қалып, ал әріптесі қарт әйелді өрттен құтқарған

          02 маусым күні сағат 19: 26-да Шүлбі кентінде 2-ықшамаудан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндірушілердің жедел келу сәтінде 2-қабатта, пәтерде балконның ағаш конструкциялары, кіреберіс есігі, жеке заттары жанып жатты. Өрт сөндірушілер түтін аймағынан 25 тұрғынды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар 7 шаршы метр алаңда жалынды сөндірді.        Өрт сөндірушілер келгенге дейін көрші тұратын ер адам Эльдар Оспановпен 1929 жылы туған пәтердің қарт иесі құтқарылды. Белгілі болғандай, Эльдар өзінің серіктесі Ерлан Жұмабаевпен бірге көрші кіреберістің пәтерінде болған. Ерлан түтінді байқап қалған, ал Эльдар ойланбастан өрт орнына қарай беттеді. екінші қабатытағы пәтерлің есігі жабық болды, ол кілтін бұзып кірген кезде еденде қарт әйелді тауып алды және түтін басқан жерден көтеріп алып шықты. Жедел жәрдем дәрігерлері әйелді тексерді, оның өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ. Батыр мен оның әріптесі құтқарушылар келгенге дейін оқиға орнынан кетіп қалған еді. Өртті тексеру кезінде ТЖ мамандары ер адамдарды тауып, олардың жөндеу саласында жұмыс істейтіндерін анықтады. Егер олар өртті уақытында байқамаған болса ауыр зардаптар болуы мүмкін еді.            Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болды. Зардап шеккендер жоқ.          ШҚО ТЖД мынаны ескертеді:
- Отты пайдалану кезінде абайсыздық жасамаңыз
- Отты қараусыз қалдырмаңыз
- Тұрғын үйлерде темекі шегуге жол бермеңіз
- Балаларға сіріңкемен ойнаудың   қаупі туралы түсіндіріңіз

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.  

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі