ШҚО ТЖД мамандары "Құтқару шеңбері" конкурсын өткізді»

ШҚО ТЖД мамандары "Құтқару шеңбері" конкурсын өткізді»

 ШҚО ТЖД құтқарушылары өскелең ұрпақтың су айдындарындағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған қолөнер байқауын өткізді. Іс-шара Балаларды қорғау Күніне және өңірде шомылу маусымының басталуына орайластырылды. 30-дан астам жұмыс қазылар алқасына ұсынылды. Басты міндет-құтқару шеңберін жасап, ерекше түрде ұсыну. Ең ерекше жұмыстар матадан тігілген, арқаннан тоқылған және пластикалық ыдыстардан жасалған құтқару шеңберлері болды. Құтқарушылар қорытынды жасау кезінде байқау тақырыбына, креативтілікке сәйкестігін, қауіпсіздік негіздерін білуін ескерді. Жеңімпаздар Вероника Сионина, Мират Төлеубаев, Кәусар Минутбек болды. Осындай байқаулармен құтқарушылар өскелең ұрпақты оқытуды жалғастыруда және балалармен жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектесетін ережелерді «енгізуде».

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі