
Риддер қаласының төтенше жағдайлар Басқармасында Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.М.Тойбаев төрағалығы мен Батыс-алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Риддер және Пихта орман шаруашылығы өкілдері, сонымен қатар 1-МӨБ мен 14-ӨБ бастықтары қатысуымен «дөңгелек стөл» басында отырыс өтті.
Өрт қауіпті кезеңде орман аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету талқыласу тақырыбы болды.
Риддер қ. ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б.У.Джаксыбеков қарсаңда өткізген орман өрттерін сөндіру шеберлігін пысықтау бойынша өрт-тактикалық жаттығудың нәтижесін дыбыстады, негізгі проблемаларды анықтап, өрт сөндіру қызметі мен орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық қорын кеңейту, орман өрт сөндірушілерінің дайындығын жоғарлатып, барлық қызметтердің үйлесімді жұмысына қол жеткізу керектігін айта кетті. Бұл негізгі мақсат – өрттерді алдын алу және оларды сөндіру жөнінде жеткілікті шараларды уақтылы қабылдау, олардың бағалы орман алқаптарына, сондай-ақ тұрғын үйлер секторы аумағына дамуына жол бермеуге қол жеткізеді.
Риддер қ. Төтенше жағдайлар басқармасы