Судағы балалардың қауіпсіздігі

Судағы балалардың қауіпсіздігі

 28.05.2021 ж. Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде КММ "Балаларды қорғау күні" мерекелеу аясында Семей қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері "Судағы балалардың қауіпсіздігі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. 3-4 сынып оқушыларына "суда өзін қалай ұстау керек екенін" тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Балалар азаматтық қорғаныс бөлімінің офицерін майор Е. Қуантхан "судағы қауіпсіздік ережелері" атты дәрісін үлкен ықыласпен тыңдады. Ашық сабақтың қорытындысы бойынша балалар мен мектеп әкімшілігі офицерге танымдық сабақ үшін алғыстарын білдірді, өйткені балалар-біздің болашағымыз және олар судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін білуі керек.

Семей қ. ТЖБ