Риддер қ. ТЖБ шомылу маусымы қарсаңында Риддер қаласында суға шомылу үшін жабдықталған орындар жоқ екенін хабарлайды.
2021 жылғы 28 мамырда алдын алу іс-шаралары барысында Риддер қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Журавлиха, Тихая өзендері және Лесхоз ауданындағы жасанды су айдындарында шомылуға жабдықталмаған орындарда рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында демалушыларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бар 15 жадынама таратылды.
Су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ата-аналарға су жанында болған уақытта балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береміз.
Риддер қ. ТЖБ