
Алакөл көлінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар посты жұмыс істей бастады. Әр 2 апта сайын мұнда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 6 сүңгуір және 4 өрт сөндіруші кезекшілік қызметің атқарады. Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау және көл жағасында орналасқан нысандарда өрттіңалдын алу негізгі міндет болып табылады. Жыл сайын жазда ШҚО ТЖД құтқарушылары күшейтілген қызметке ауысады. Құтқарушылардың патрульдеуі қайықтарда, ал өрт сөндірушілердің бақылауы демалушылар мен нысандар иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы жүзеге асырады. Азаматтарға нұсқау беру және оқыту жадынамаларды ұсынумен жүзеге асырылады.
Құтқару бекеті жұмысқа қажетті құтқару құралдарымен, оның ішінде сүңгуір костюмдерімен, жүзу құралдарымен және басқа құралдармен жабдықталған. Алакөлдегі құтқарушылар 2020 жылы 7 адамды құтқарды, оның 4-уі балалар.
Шомылу маусымы басталғанға дейін құтқарушылар жеке демалыс орындарының иелеріне сеніп тапсырылған жеке аумақтардағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар жазылған хаттарды тапсырады.
Қазіргі уақытта сүңгуірлер көлдің түбін қарап, 1 маусымда басталатын шомылу маусымының ашылуына дайындалып жатыр.