Өрттің таралуына жол бермеді

Өрттің таралуына жол бермеді

Өрттің таралуына жол бермеді

26 мамырда шамамен 19 сағат 47 минутта Пихтовск орман шаруашылығы, Кедровск орманшылығында терек мамығы, жалпы ауданы 0,0366 Га қоқыс өртенді. Өртті сөндіруге 15 орманшы мен 5 техника, сондай-ақ ШҚО ТЖД 3 өрт сөндіру автомобилі мен 13 құтқарушы жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД -рт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді:
- Ашық отты пайдалануда өте сақ болыңыз
- Орманды дала аймағында от жақпаңыз және шөптер мен мамықтарды өртемеңіз;
Орман және дала алқаптарынан оттың таралуына жол бермеу үшін жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумақтарын жинау бойынша іс-шаралар жүргізу, ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақтар жүргізуді ұйымдастыру. Бөтелкелерді немесе шыны сынықтарын күн сәулесі түсетін жерде қалдырмаңыз.
Орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
  Өрт кезінде "101" және "112"нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөзқызметі