
Осы аптада қалыптасқан ыстық күнге байланысты, Семей қ. азаматтары және қонақтары ыстықтан аман қалу үшін барлық су нысандарына ұмтылды. Суға шомылу экстремалдық көңіл көтеруге жатпаса да, оның белгілі бір қауіп-қатері бар, сондықтан талай шомылушылар суға батады.
Сондай-ақ, тіпті барлық жазатайым оқиғалар, аптаның аяғына, мерекелік және демалыс күндеріне, шомылуға арналмаған жерлерде және құтқару станциясы жоқ жерлерде болады.
Өкінішке орай, демалушылардың барлығы шомылуға арналған қауіпсіз орындарды тандай бермейді. Көбі шомылуға арналмаған жерлерге барып шомылады. Ертіс өз. су айдындарында қауіпті жерлер аз емес, бірақ қала тұрғындары дәл сол жерлерде демалуды ұнатады. Шомылушыларға тексерілмеген судың түбі, қатты ағым, медициналық пункттен алыстық факторы – қауіп тудырады.
Семей қ. 2019 жылғы суға шомылу маусымы басталған кезден адамдардың қазасымен төрт оқыс оқиға тіркелген.
Семей қ. ТЖБ және қутқарушылар бөлімінің қызметкерлерімен патрульдеу кестесіне сәйкес, адамдар жаппай шомылатын жерлерде судағы өлімнің алдын алу үшін үгіт- насихаттау жұмысытары күн сайын өткізіледі, осыған орай келесі шаралар ұйымдастырылады:
Семей қ. ТЖБ қала турғындарына және қонақтарына шомылуға арналмаған өзендерде, көлдерде және басқа да су айдындарында шомылу ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің» 412 бапына сәйкес, су айдындағы қауіпсіздік ережелерін бұзып немесе орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Ауа райының ыстық болуының кесірінен Семей қ. ТЖБ бүгін, 2019 жылғы 18 шілдеде СМИ өкілдеріне судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және орманды-далалық аймақта өрт қауіпін ескерту үшін Әкімдіктің өкілдерімен, Қызыл ай қоғамымен пресс-тур өткізді.
Қутқарушылар ескертеді: демалыс кезінде тәртіпті болыңдар және абайлап жүріңдер. Жағадан алысқа жүзіп кетпеңдер және суда көп уақыт өткізбеңдер, себебі біздің ағзаға салқындатушылық, шаршағандық, сіңір тартылу тән нәрсе.
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ