ШҚО құтқарушылар азаматтардың шомылатын орындарында патрульдеуді бастады

ШҚО құтқарушылар азаматтардың шомылатын орындарында патрульдеуді бастады

Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге азаматтардың шомылатын жерлерін қарауылдауға кірісті. Өңірдегі ыстық ауа-райының  қалыптасуына байланысты азаматтардың көпшілігі судың жанында уақыт өткізуге асығады. Апаттардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жағажайлардақайықтармен кезекшілік етеді. Демалушыларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, арнайы жаднамалар берілді және ережелерді елемегені үшін, атап айтқанда тыйым салынған жерлерде шомылу әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.

Құтқарушылар«ЖПҚ бірге 833 азаматты қамтыған 233 патрульдеу жүргізілді. Полиция қызметкерлері тыйым салуды бұзған және алкогольдік ішімдіктерді ішкен адамдарға әкімшілік хаттама жасайды», - деп ескертті. Өткен шомылу маусымында ШҚО ЖП жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 364-бабы - «Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу» 146 бұзушыны және 440-бап бойынша «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде көріну» бойынша314 бұзушыны анықтады. 

      Жағажайларға жүргізілген қайта зерттеу жұмыстары облыстағы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын және суға шомылу  маусымына санаулы күндер қалғанын көрсетті. Балалардың шомылатын орындары жабдықталмағаны, құтқарушылар мен дәрігерлердің стационарлық посттарын жабдықтау, азаматтардың шомылуын шектеу үшін қалтқылар орнату қажеттілігі анықталды.

Құтқарушылар ата-аналарға ешқандай жағдайда балаларды су қоймаларына жалғыз жібермеуге, оларға жүзу дағдыларын үйретуге шақырады. Мұндай рейдтер қажеттілігі судағы апаттардың жыл сайынғы қайғылы статистикасынан туындайды. Әдетте, қайғылы жағдайлар құтқарушылар жауапкершілігінің қауіпті аймағынан тыс жерлерде және демалушылардың жеңіл мінез-құлқына байланысты орын алады. Сонымен қатар, 2021 жылдың басынан бастап облыста 4 адам суға батып кетті.

     ШҚО ТЖД ескертеді: демалыс орындарындағысу қоймасындарұқсат етілмейді:

- мас күйінде суға түсіп, шомылуға;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылымдардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзудің шекараларын белгілейтін қалқымалардың артында жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- ересектерсіз балаларға суға түсу.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.