5 қабатты тұрғын үйдегі өз кезінде құтқарушылар 8 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады

5 қабатты тұрғын үйдегі өз кезінде құтқарушылар 8 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады

Өскемен қаласы Маяковский көшесіндегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар түтіннен ең алдымен 8 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 4 бала. Тұрғын үйде тұрмыстық техника мен жиһаз өртенді. Өрт сөндірушілер 4 шаршы метр аудандағы өртті  толығымен сөндірді. Қатты түтінді пәтерден тіршілік белгілері жоқ хаски иті табылды.  

Электр құрылғыларын (тоңазытқыш) пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау өртке себеп болды.

ШҚО ТЖД пәтердегі өртті болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екендігің ескертеді:

- Электр құралын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

- Құрылғының пайдалану мерзіміне және тоққа қосу талаптарына назар аударыңыз.

- Бір тоқ көзіне бірнеше электр құралдарын бірден қосуға болмайтындығы есіңізде болсын.

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі