
Семей қ.төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымының басталуы қарсаңында Семей қ. 7-ші құтқару бөлімшесінің қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп Ертіс өзенінің бойында рұқсат етілмеген шомылу орындары бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Іс-шара барысында құтқарушылар бірінші кезекте өзен жағасындағы балаларға назар аударады!
Нұсқамалар өткізеді және азаматтарды суда күтуге болатын ықтимал қауіпті түсіндіреді, сондай-ақ судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен шұғыл қызмет телефондарының нөмірлері бар үгіт материалдарын таратады.
Бүгінгі күні 13 рейд, 204 нұсқама өткізіліп, 204 жадынама таратылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Семей қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді!